Сарыағаш базарында жоғалған 4 жастағы қыз табылды

20.05.2019 16:38

Қыздың ата-анасы аудан полицейлеріне алғыс айтты

bnews.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы орталық базарда  4 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен. Базарға тұрмыстық заттар алуға келген әкесі әлі тілі шыға қоймаған қызынан көз жазып қалғанын байқамаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өздігінен табуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Қызының жоғалғанын түсінген ол бірден көмек сұрап, полицияның «102» нөміріне қоңырау шалған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары топ-топқа бөлініп, базарға жақын және алыс аумақтарын іздестіре бастайды.

Нәтижесінде екі сағаттың ішінде  адасып, көшеде  жылап жүрген қызды тапқан.

«Өз кезегінде перзентінің тез арада табылғанына қуанған ата-ана риза болып, аудан полицейлеріне және Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Жұмат Қуанышқа алғысын жеткізген», - делінген хабарламада.