Алматы халықаралық әуежайында құмырсқаларды заңсыз алып өту фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қораптың ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер табылған. Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлерімен заңсыз әрекетке тосқауыл қойылды.
«Осы факт бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді. Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қос мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты негізде бақылау жүргізілетінін еске салады», – деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева.