Жүргізушіге дөрекі сөз айтқан жасөспірім соққыға жығылды

pexels
pexels
17 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда жасөспірімді үстіне су шашқан көлік жүргізушісіне айтқан ескертуі үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 қыркүйекте сағат 18:30-да колледж студенті Катаев көшесі бойымен жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан кәмелетке толмаған жігітке белгісіз көлік өтіп бара жатып, су шашып жіберген. Жасөспірім жүргізушіге дөрекі түрде ескерту жасаған. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыларымен бірге салоннан шығып, қысқа жанжалдан кейін жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан.

17 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Көліктің жүргізушісі 27 жастағы павлодарлық болып шықты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" 293 - бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Новости партнеров