Алматыдағы қоқыс полигонындағы өртті неліктен тікұшақпен сөндірмейді?

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Бұған дейін от тұтанған сайға өрт сөндіруші көліктер бара алмай, оны сумен емес топырақпен сөндіріп жатқандықтары айтылған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы  қоқыс полигонының жанып жатқанына 12 сағат болды, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.

«Бүгін түнде 00 сағат 12 минутта Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындары қоңырау шалып, ауада күйіктің улы иісінің таралып жатқанын хабарлаған. Мән-жай белгілі болған соң, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округі мекенжайында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жоятын полигонда, болжам бойынша 1 га аумақта қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардың жанып жатқаны анықталды. Соның нәтижесінде қаланың жоғарғы жағында ауаға иіс тараған. Қазіргі таңда оқиға орнында Алматы облысының өрт сөндіру техникасы бар», - деп хабарлап отыр Алматы қалалық ТЖД.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қоқыс жанған сайдың тереңдігін ескере отырып, өрт тұтанған аймаққа 5 бульдозер, 2 тиегіш, 2 экскаватор және 2 самосвал сияқты инженерлік техникалар тартылған.

Бұған дейін от тұтанған сайға өрт сөндіру көліктерінің бара алмауы себебінен оны сумен емес топырақпен сөндіріп жатқандықтары хабарланған болатын.

Ал, өртті сөндіруге неге тік ұшақ қолданбасқа деген сұраққа ҚР ІІМ ТЖК аталған полигонға жауап беретін «Kaz Waste Conversion» ЖШС өртті өз күштерімен сөндіруге құлық танытып отыр деп жауап берді. Бұдан бөлек, ТЖК, бұл сияқты полигонда тұтанған өртті сөндірудің өз ерекшеліктері бар екендігін жеткізді.

«Қоқыс астыңғы жағынан жанып жатыр, оны сөндіру үшін үстіңгі қабаттарын қазып алу қажет, сондықтан тік ұшақты пайдалануға еш негіз жоқ. Компаниядағылар өртті өз күштерімен топырақпен сөндіретіндіктерін айтты», - деді ҚР ІІМ ТЖК өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Бірақ, «Kaz Waste Conversion» ЖШС компаниясының өзі әзірге ештеңе айта алмай отыр.

Новости партнеров