Олардың арасында 26-дан 50 жасқа дейінгі азаматтар бар
Алматыда қоғамдық көліктерде ұрлық жасаған бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Күдіктілер қоғамдық орындарда ұрлық жасаған-мыс. Олардың арасында 26-дан 50 жасқа дейінгі азаматтар бар. Ұрылар автобустың ішінде жолаушылардың әмияны мен ұялы телефондарын және әртүрлі бағалы заттарын қолды қылған. Бірақ полицейлер ұрыларды қылмыс үстінде әшкерелеген. Қазіргі уақытта ұрылар қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Алматының полиция өкілдері қала тұрғындарынан ұрылардан зардап щеккен жағдайда криминалдық полиция басқармасына немесе мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 254-40-12; 254-43-93 немесе «102».