Қостанайда 14 және 17 жастағы екі оқушы қыз жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікке ілінді.
Оқушылар 50 жастағы әйелді үйдің ауласында өлімші етіп сабаған. Соққыға жығылған келіншек ауруханада көз жұмды.
Қылмыстық істі Қостанай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты қарап жатыр.
"Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр. Күдіктілерге қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды", - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабының бірінші бөліміне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істері бойынша сот отырысын жабық режимде өткізуге жол беріледі деп атап өтті соттағылар.