Алматыда 100 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

27.12.2019 16:44

Соңғы ақпарат бойынша қаза болғандар саны 14 ке жеткен, 6-ы бала

Алматыда қайғылы жағдай орын алды. Бүгін таңертен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшуы тиіс болған Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Фокер 100 ұшағы апатқа ұшырады. Ол ұшу жолағынан бірнеше минут өткенде радардан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Дәл қазіргі ақпарат бойынша қаза болғандар саны 14 ке жетті. Олардың арасында 6 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін таңғы 7.30-да Талғар аудандық Гүлдала ауылының маңында ұшақ апаты орын алғандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Талғар, Іле және Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасының қызметкерлері де бірден келді. Апат болған ұшақ Бек air  компаниясының ұшақ. Ол таңғы 7.20 да Алматы Нұрсұлтан бағытында жолға шыққан екен. Қазір Алматы және алматы облысының полиция басқармасы оқыс оқиға орнында тергеу және  жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Мұрат КҮШТІБАЕВ.  

Өмір Әнуарбек «Алматы» телеарнасы

Теги: Бек Эйр