Өрттің шығу себебі анықталуда
Шымкентте газ қондырғысын орнатқан көлік өртке оранды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Тұран ауданына қарасты Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысында болды. Жолда келе жатқан «Аudi А-6» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті.
Өрт оқиғасына төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
- Көлікке газ қондырғысы орнатылған. Өрт сағат 09:04-те оқшауланып, сағат 09:12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жолда қалған 5 мың адам құтқарылды