Алматыда той көліктері екі полицейді қағып кетті

Пресс-служба Департамента полиции города Алматы
Пресс-служба Департамента полиции города Алматы
Қаз-қатар тізілген көліктердің ішінде «Қыз ұзату» тойынан қайтып келе жатқан жастар болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол полициясынан қашқан той көліктері екі тәртіп сақшысын қағып кетті, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның айтуынша, кешке кешкісін әл-Фараби даңғылында Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған жол-көлік полициясы батальоны қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған көліктер кортежін байқап, ізіне түседі.

«Алғаш рет полиция оларды Жароков көшесі бойында тоқтатуға тырысады. Бірақ олар оны елемей ызғып өте шығады. Одан соң жол ережесін бұзушыларды ұстау үшін Атакентке шығатын жол жабылады. Алайда бұл шектеу де оларды тоқтата алмады. Осы арада «Тойота Камри» көлігі полиция лейтенанты Мақсат Қилыбаевты қағып өте шыққан. Құдай сақтағанда, ол кері шегініп үлегерген. Осы кортежге тиесілі «Лада Приора» көлігін тоқтатпақ болған полиция капитаны Жандос Бұғалов та зардап шекті. Оның тізесіне қатты зақым келген, бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан. Капитанды қаққанымен қоймай «Лада Приора» полицияның қызметтік көлігін де соғып өте шыққан. Бәрібір олар оның ізіне түсіп, Сахариев көшесінде той көліктерінің үшеуінің де жолын жапты. Көліктердің іші толы «Қыз ұзату» тойынан қайтып келе жатқан жастар болған, оның ішінде қалыңдық та бар», – дейді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

«Тойота Камри-70» көлігін 1996 жылғы туған А.Мамытжанов тізгіндеген. Оған қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал «Лада Приораның» рөлінде 1998 жылғы Е.Хамзаға 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Новости партнеров