Алматыда BMW көлігі бағанаға соғылып, жанып кетті
zhest_kz
Видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көлік бағанаға соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда сағат 3.05 шамасында әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісі темір тірекке соғылған.
"Соқыдан көлік қирап, өрт шықты. Оқиға салдарынан BMW көлігінің жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция бөлімі тергеп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
24 қыркүйекке арналған валюта бағамы
24.09.2026 07:50
Болашаққа ұмтылған Алматы: жаңа орталықтар мен инфрақұрылым
24.09.2026 18:36
Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы ашылды
24.09.2026 11:11
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
24.09.2026 14:40