|
14.08.2019 | 15:34
7113

Алаңдауға негіз жоқ: Қарғалы бөгеті бекітілген

Қарғалы бөгеті арқылы өтетін №1 көлдің деңгейін төтеншеліктер үш айдан бері қадағалап отырған

Алаңдауға негіз жоқ: Қарғалы бөгеті бекітілген

Алматыда Қарғалы бөгеті арқылы өтетін №1 көлдің деңгейін төтеншеліктер үш айдан бері қадағалап отырған. Мамандар жұмыс басталғалы 1,6 миллион текше метр су ағызған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір көлдің көлемі 77,2 мың кубты құрайды. Десе де, Қарғалы өзенінің суы лайланғанмен, бірақ халыққа одан ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Айта кетейік, Қарғалы бөгеті бекітілген. Оған қоса, бетоннан арнайы канал салынған. Оның су өткізу қуаттылығы 20 метр текше метр. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ дейді. 

Қазіргі кезде, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жанынан арнайы штаб құрылып, тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» мен қалалық құтқару қызметінің тікұшақтары мен Ұлттық ұланның сарбаздары сақадай сай.

«Айта кету керек, бұл көлді біз мамыр айынан бастап бақылаған кезде суға толып жатқанын анықтап, жұмысты күшейткен болатынбыз. Ол үшін арнайы 6 сусорғыштарды қойдық. Және де арнайы сифондық трубадан жасалған жүйесін құрған болатынбыз. Алматы қаласы құтқару қызметінің экскаваторы сол жерде 1 айдай жұмыс істеді. Сол жерде эвакуациялық канал жасалды»,  деді Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан ӘЛІБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сель
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир