ШҚО Риддер қаласындағы жылу электр орталығында істен шыққан қазандық қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Кеше түнгі сағат 01:00-де жылу электр орталығындағы №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілген болатын.
ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қазір қазандық қайта қалпына келтірілді. Алдағы бірнеше сағатта ол іске қосылып, жылу бере бастайды.
"Төтенше жағдай жөніндегі штабтың дерегінше, 11 қараша таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша жылу электр орталығындағы температура – 57/44 градус. Ал сыртқы температура – 2 градус.
Сонымен қатар бүгін ЖЭО-ға қосымша 4 цистерна мазут жеткізілді. Қалада энергия тұтыну 9 МВт (бұрын 12-19 МВт болатын) құрап отыр. Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келе бастағанын және тұрғындардың электр құралдарын аз пайдаланып жатқанын көрсетеді", - делінген хабарламада.