Тікұшақ апатынан 11 әскери қаза тапты
haberturk.com
Түркия президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
4 наурыз күні Түркияның оңтүстік-шығысында әскери тікұшақ құлап, 10 сарбаз және генерал-лейтенант Осман Ербаш қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kazaknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тікұшақ түстен кейін Бингөл қаласынан көтеріліп, Битлис провинциясындағы Татван қаласына құлаған. Тікұшақпен байланыс әуеге көтерілгеннен 30 минут өткен соң үзілген.
Іздеуге дрондар, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілді. Нәтижесінде тікұшақтың құлағаны анықталды. Апат болған жерден тоғыз мәйіт және жарақат алған 4 адам табылды. Кейіннен қаза тапқандар 11 адамға дейін өскен.
Түркия президент Режеп Тайып Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Апатқа байланысты тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53