Алматыда троллейбус өртенді
Троллейбус қоғамдық көлік жүретін жолда бұзылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда қара түтінге оранған троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Абай және Жароков көшелерінің қиылысында болған. Троллейбус қоғамдық көлік жүретін жолда бұзылған. Троллейбус жүргізушісі, өртті сөндіруге ұмтылып жатыр. Қазір оқиғаның мән - жайы анықталуда.
«23 тамыз күні таңертең Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында жаттығу троллейбусының төбесінен түтін шықты. Жүргізуші дереу әрекетке көшкен. Ол нұсқауларға сәйкес, өрт сөндіргішпен өрттің алдын алды. Бұл жаттығу троллейбусы болып саналады. Ол нөлдік рейс жасады. Онда жолаушылар болған жоқ», - делінген «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің хабарламасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34