|
23.08.2019 | 19:16
9815

Бұдан былай барлық топтағы мүгедектер пойыз билетін 50 пайыз жеңілдікпен алады

Сондай-ақ билетті қайтарып бергені үшін 1000 теңге айыппұл салынбайды

Бұдан былай барлық топтағы мүгедектер пойыз билетін 50 пайыз жеңілдікпен алады

Бұдан былай жолаушыға пойызбен жол жүрмей, билетті қайтарып бергені үшін 1000 теңге айыппұл салынбайды. Бастысы, билет бір тәулік бұрын қайтарылуы керек, сонда оның толық ақшасы қайтарылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, пойызда темекі шегуге тыйым салынған. Заңды бұзғандарға 12 мың теңге көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік шара  қолданылады. Теміржол көлігімен қатынауға енген өзгерістер 28 тамыздан бастап енеді.

«Өзгертулердің ең басты шарасы алып-сатарларға қарсы бағытталып отыр. Ең бірінші бұл топтық сұраныс берген кезде, бұрын бір бланкте барлық қанша топта адам бар, 10-20-30 жолаушы болсын бір бланкте рәсімделетін. Қазір әр жолаушы бөлек-бөлек рәсімделеді. Бұл біріншіден. Екіншіден, электрондық цифрлық қолмен ғана рәсімдеуге болады. Бұрын топтық рәсімдеу кезінде әр билетке 290 теңге алынатын. Ал қазір жалпы сомадан 30 пайыз қайтарылмайтын депозит алынады. Сол себепті алып-сатарлар егер топтық билет алатын жағдайда осындай кедергілерге тап болады», – деді «Жолаушылар Тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.

Бұдан бөлек, енді барлық топтағы мүгедек азаматтар әлеуметтік маңызы бар бағыттарға билет алса, 50 пайыз жеңілдікке ие болмақ. Бұрын ондай жеңілдік I топтағы мүгедектерге ғана берілген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир