Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, бір адам көз жұмды

28.03.2019 16:50

Жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті

inform.kz

Ақтөбеде жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«28 наурыз күні сағат 06:00-де «Ақтөбе - Орынбор» тасжолындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Нива Шевроле» автокөлігі тепловозбен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі көз жұмды», - делінген хабарламада.

Ал жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды.