Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап қайтыс болды

24.01.2024 16:50

Ол дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған

elements.envato.com

Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де әйелдің биіктен құлағаны туралы қоңырау түсті.

- Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды, - деді станцияда.

Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті