Мақтааралдағы су тасқыны: Өргебас ауылында бір адам құтқарылды
Ауыл тұрғыны тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басып жатқан Өргебас ауылында 1 адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникация қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«194 үй орналасқан Өргебас ауылының тұрғындары бүгін таңертеңнен бері эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 жылғы Б. Б. есімді тұрғынды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Азаматтың өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер қазір оның денсаулығын тексеруде», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең Мақтаарал ауданындағы тағы бір ауылды су басып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05