Ұсталаған адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес қылмыс жасағаны анықталып отыр
Алматының құқық қорғау органдарының өкілдері Hi-Tech операциясын өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Операцияны өткізу барысында киберқылмыспен карсы күрес бөлімінің қызметкерлері сауда үйлерінің бірінде абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгерткен ер адам ұсталды. Ол құрылғы сату барысында бастапқы IMEI-кодын 000 000 000 000 000 цифрына өзгерткен. Ұсталаған адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес қылмыс жасағаны анықталып отыр. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Исқаков.
Оған қоса желі арқылы алаяқтық жасаған деген күдікті ұсталды. Ол жалған есіммен Instagram желісінде парақша ашып, ол жақта жалған компанияның криптовалюта мен биржа инвестициясын жасайтыны туралы жалған мәліметтер жазған. Күдікті құйылған ақшаны бірнеше еселеп қайтаратынын айтқан, ол 30 000 теңгеден бастап 100 000 теңгеге дейін ақшаны QIWI-әмиянға аударуды ұсынған. Кейін ол ақша аударған адамдарды желіде бұғаттаған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктінің ұсталғанын айтты. Қазіргі уақытта одан қанша адам зардап шеккені анықталып жатыр.