Павлодарда 13 жастағы қыз өртенген үйдің терезесінен екі сіңлісін алып шықты

22.02.2019 17:00

Қыз мектептен келе жатып үйден түтін шығып жатқанын байқаған

Павлодарда жеке сектордағы тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Карл Маркс көшесі 286 мекенжайы бойынша өрт шыққандығы туралы хабар сағат 15:29-да келіп түсті», - делінген хабарламада.

Жалпы жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.

ТЖД мәліметінше, өрт шыққан үйден 2005 жылғы қыздың екі баланы құтқарып алғаны айтылған.

«Қаза болған зейнеткердің 2005 жылғы немересі мектептен келе жатып үйден түтін шығып жатқанын байқаған. Зейнеткердің қарауында қалған 2015 жылғы екі сіңілісін терезеден шығарып алған», - делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы мен 9 техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңды қызыл жалынның шығу себептері анықталуда.