Алматыда кран мен автобус соқтығысып, бес адам жарақат алды

© Sputnik / Владислав Воднев
© Sputnik / Владислав Воднев
Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы бойында кран мен автобус соқтысты. Оқиға салдарынан бес жолаушы жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 16 маусым күні шамамен 17.00-де болған.

"К. есімді азамат "Kamatsu LW 250-5" маркалы кранды жүргізе отырып, Меңдіқұлов көшесінің екінші дәрежелі жолынан солтүстік бағытта әл-Фараби даңғылына шығып, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен келе жатқан А. есімді азаматтың басқаруындағы "Golden Dragon" маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатынан бес жолаушы зардап шегіп, олар бірден ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Новости партнеров