Өзен арнасынан тасып аймақты су басты
Риддер қаласы ішімен өтетін Хариузовка өзені 8 желтоқсанда түнде арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басты. Жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс жасап жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар баспаналар мен аулаға жайылған су сорылғанын, үйдің іргетасын кептіру керектігін айтады. Қала басшысының айтуынша бұл жағдайға жергілікті су электр станциясының қоймадан шамадан тыс су босатуы себеп болуы мүмкін. Қар мен қатқан мұз да кесірін тигізіп, соңы осындай жағдайға ұласқан. Бастысы қазір қауіп сейілді, делінген хабарламада. -- - Бұл дерек бойынша комиссия толыққанды тексеру жүргізеді. Кінәлі тараптар нақты анықталса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Қазір тұрғындарға қауіп жоқ. Олар эвакуациялық пункте барудан бас тартты. Су деңгейі төмендеді. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр, - деді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда көктайғақтың алдын алу шаралары жүріп жатыр