|
14.02.2019 | 11:52
7350

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды

Тұрғынның шахтаға құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап мерт болды. Оқыс оқиға Алғабас-6 шағынауданындағы №144 үйде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматылифт» ЖШС директорының орынбасары Максим Телицкий аталған оқиғаға байланысты түсінік берді.

Тұрғынның шахтаға құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Видеода ер адам лифт шақырып, дер уақытында келмеген соң есіктерін, түймелерін  ұра бастаған. Шыдамы таусылған соң шахта есігінің астыңғы тұсынан теуіп ашып жіберген. Аздаған уақыттан соң ол қараңғы кабинаға кірмек болып, аттаған кезде ары қарай құлап кетеді.

«Бізге сол күні қоңырау түсті. Қызметкерлер тексеруге барған кезде 5-қабаттағы шахта есігінің бұзылғанын көрген. Механик 1-қабаттағы есікті ашқанда ер адамның денесін тапқан. Содан соң үйдегі видеобақылау камераларындағы жазбаны тексеріп, оқиғаның қалай болғанына көзіміз жетті. Тұрғын 5-қабатта лифт шақырған. Ол кезде  лифт 6-қабатта тұрған. Техникалық ақаудың кесірінен лифт дер уақытында келе қоймаған. Соған ашуланған ол есікті теуіп кірген», - деді Максим Телицкий.

Оның айтуынша, қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Лифт әзірше жұмыс істеп тұрған жоқ.

«Алматылифт»  өкілінің айтуынша, аталған лифт 2015 жылы 22 шілдеде пайдалануға берілген. Соңғы рет 2018 жылы 13 шілдеде тексерілген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

лифт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир