|
05.02.2021 | 11:53
1411

Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды

Әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған

Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды Фото: ашық дереккөзден алынды

Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерледі. Оған қатысты тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі SputnikNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал күйеулері бірінен соң бірі қайтыс болған. Тергеу ақпаратына сәйкес, 53 жастағы әйел әдейі жалғыз ер адамдарды іздеген. Ол тұрмысқа шыққан соң зейнеткерлердің мүлкін өз атына ауыстырған. Бірнеше қалада үй мен пәтерге ие болған. Арам ойын жүзеге асыруға таныс қыздары көмектескен. Риелтор болып істейтін 57 жастағы әйел де жоспардың орындалуына септесті.

Шығын сомасы 21,7 миллион рубль (123 млн теңгеге жуық) шамасында.

Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Он бір ер адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир