Кристин Барнетт және оның күйеуі Майкл 2010 жылы украиналық Наталья есімді қызды асырап алып, оның алаяқ бойжеткен екенін білген соң, тастап кетіпті. Қыздың сүйектерінің өсуінде күрделіліктер болған соң, ол ергежейлі болып қалған. Алайда, Барнеттер отбасы ауруына мән бермеген қыз туралы ешнәрсе білмеген, деп жазады Stan.kz.
Наталья Барнеттермен бірге үш жыл өмір сүрді. Олар 2013 жылы қызды жалдамалы пәтерге тастап кетіп, өздері Индианадағы университтердің біріне түскен ұлдарына кетіп қалған екен. Ер адам қызға мүлдем көмектеспегенін, бірақ пәтер ақысын төлеп тұрғанын айтты.
2019 жылдың қыркүйегінде Типпекано ауданындағы департаменттің шерифі ерлі-зайыптыларды қызды тастап, кетіп қалғандары үшін айыптады.
Детективпен сұхбаттасқан Майкл Барнетт 2012 жылдың маусымында әйелі екеуі құжаттарда кішкентай 10 жасар қыздың жасын 22 деп өзгерткенін мойындады. Майклдің сөзінше, ол қызға сұрақтарға: «Мен жас көрінемін, негізі жасым 22-де», -деп жауап беруін талап еткен.
The Washington Post журналистері баланың 6 жыл бойы жалғыздықта қалай өмір сүргенін түсіне алар емес. Сонымен қатар, полиция арызында Барнеттердің Канададан АҚШ-қа қайтып келгені немесе келмегені жазылмаған.
Алайда, Wish TV басылымы оқиғаның мүлдем басқа нұсқасын ұсынды. Әйел журналистерге 2011 жылы қызды емдеген дәрігердің жазбаларын берді.
Құжат мәтінінде украиналық құжаттарда қыздың туған күні нақты жазылмағаны айтылды. Дәрігер қыздың шынайы жасын тістеріне, жыныстық дамуына және етеккірінің келуіне қарай анықтауға болатыны айтылған. Сонымен қатар, құжатта қыздың социопаттық ауруға шалдыққаны, 2011 жылы қыздың 18-ге толғаны және оның алаяқ екені жазылған.