Мьянма шахтасындағы апат: 80-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті

22.12.2021 в 16:54

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ

Мьянмадағы көшкін салдарынан нефрит өндіретін шахтада көшкін болып, 80-ге жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Качин штатындағы қоғамдық ұйым өкілінің айтуынша таңғы сағат 04:00 шамасында шахта опырыла құлаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.