Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 тамызда сағат 19:45 шамасында Алматы – Екатеринбург тасжолының 770 шақырымында болған.
«Lexus LX470 көлігінің 47 жастағы жүргізішісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Соның салдарынан 46 жастағы жолаушы оқиға орынында қаза тапса, көлік жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Атаған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады», - делінген ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жастағы қыз суға батып кетті