Павлодар облысында 18 жастағы студенттің денесі Торайғыр көлінен табылды

turkystan.kz
turkystan.kz
Қаза болған жас жігіт Баянауыл ауданындағы Лекер ауылының тұрғыны
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайғылы жағдай Торайғыр ауылында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, ол шомылуға арнайы жабдықталмаған орында суға түскен.

«Департамент пультіне хабарлама  сағат 14:20-да келіп түсті. Екібастұз қаласынан сүңгуірлер тобы оқиға орнына сағат 16:50-де келіп жетті. Сағат 17:05-те суға кеткен жігіттің денесін алып шықты. Ол Баянауыл ауданы Лекер ауылының 18 жастағы тұрғыны болып шықты», – дейді департаментте.

Жігіт Нұр-Сұлтан аграрлық университетінде оқыған. Ол көлде достарымен бірге болған. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына шомылуға тыйым салынған жерлерде және жабдықталмаған жағажайларда суға түспеуге кеңес береді.

«Ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде балалардың шомылуы үшін ата-аналар жауапты екенін еске саламыз», – дейді төтеншеліктер.

Новости партнеров