|
01.04.2019 | 11:56
2060

«Есінен танғанша қылқындырған»: Алматы дүкендерін тонаған қырғызстандық ұсталды

Қаскөй жәбірленушіні есінен танып құлағанша буындырған

«Есінен танғанша қылқындырған»: Алматы дүкендерін тонаған қырғызстандық ұсталды Пресс-служба Департамента полиции Алматы

Қырғызстандық азамат Алматыдағы дүкендерге қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұл азаматтың Қырғызстанда іздеуде жүргені анықталды.

«Қаскөй дүкенге баса-көктеп кіріп сатушы әйелді буындырған. Әйел қозғалыссыз есінен танып жатқанда, ол дүкеннен құнды заттарды іздеген.  Касса бос, дүкенде азық-түліктен басқа ештеңе болмағандықтан, ол сатушының ұялы телефонын алып кеткен. Абырой болғанда, сатушы әйел тек есінен танып қалған. Қазір денсаулығы қалыпты», - деді, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Жедел уәкілдердің жылдам іс-әрекеттерінің барысында күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192 бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Осыған ұқсас тағы бір эпизод қаланың Медеу ауданында орын алған. Бұл қылмысты да осы күдіктінің жасағаны дәлелденді. Осыған байланысты, біз көрсетілген адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102», - деді подполковник Мендебаев.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир