Балқашта ер адам пойыз астына түсіп, аяғынан айырылды

24.04.2022 в 16:56

Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған

Балқашта теміржолшы пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған. Пойыз жақындаған кезде қашуға үлгермей қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, пойыз машинисі сағат 23.45-те Балқаш бекетінің 4-жолында бір адамды көріп, бірден пойызды тоқтатуға тырысқан. Бірақ қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Patriotnews мәліметінше, Балқаш бекетінің Желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылғанын айтқан.

"Ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайдың анық-қанығы соталды тергеу барысында анықталады", - деді Балқаш бекеті Желілік полиция бөлімінің бастығы.