Оқиға орнына барлығы 17 адам, 6 техника жұмылдырылды
Алматы қаласының Алмалы ауданында болған өрт кезінде 6 адам құтқарылып, 20 - дан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде бес бала бар. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазанның 26-нан 27-не қараған түні сағат 00: 42-де ТЖД 101 пультіне мазасызданған тұрғындардан Шағабутдинов көшесі, 133 мекенжайында орналасқан подъездегі түтін туралы қоңырау келіп түскен.
Сағат 00:50-де алғашқы өрт сөндіру бөлімі келіп жеткен сәтте 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілердің көмегі арқылы түтінге толы пәтерден өздігінше шыға алмаған 1949 жылы туған әйел құтқарылды.
Қабылданған жедел іс-әрекеттермен жоғарыда көрсетілген пәтерлерден өз үйлерін тастап кетуге мүмкіндігі жоқ тағы бес қарт адам құтқарылды, сондай-ақ 23 адам эвакуацияланды, оның бесеуі балалар.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері үй тұрғындары арасында үрей туғызбай, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті.
Оқиға орнына барлығы 17 адам, 6 техника жұмылдырылды.
Анықталғандай, пәтердегі үй заттары жанған. 15 шаршы метр көлеміндегі өрт 10 минутта сөндірілді. Оқиға себептері анықталуда.