|
24.06.2019 | 11:57
14664

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады Tengrinews.kz.


Қазіргі уақытта Арыста әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді – тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир