«Карьерадан кейін ешкімге керек емеспіз»: Ильин ауыр атлеттің өліміне қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба Федерации тяжелой атлетики Казахстана
© Photo : Пресс-служба Федерации тяжелой атлетики Казахстана
Біздегі спорт медицинасы қалағанымыздай емес. Сондықтан да біз спортшыларымыздан айырылып жатырмыз, деді ол
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram парақшасында спортшы Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Альберт өмірден өтті. Өзі кетті - мұны қабылдау қиын. Қайғырып көңіл айтамын. Альберт өте жақсы, мықты адам еді. Бірақ спортты бір сәтте тастап кетті», – деді ол.

Ильиннің айтуынша, спортшылардың психологиялық және физикалық жарақаты болады.

«Өкінішке қарай біз олармен күресе алмаймыз. Біздегі спорт медицинасы қалағанымыздай емес. Сондықтан да біз спортшыларымыздан айырылып жатырмыз. Өйткені карьерадан кейін біз ешкімге керек емеспіз. Жеңістен кейін үлкен тәжірибені қайта бастау керек екенін сезесің. Ал, бұл үрей туғызады», – деп атап өтті Ильин.

Ол сонымен қатар, карьерадан кейін әлеммен бетпе-бет келгенде бірдеңе істеу керек екенін айтады.

«Ал, сенің қолыңнан штанға көтеруден, бокстасудан басқа ештеңе келмейді. Қолдау да жоқ. Карьерасын аяқтаған спортшыларға назар аударайықшы. Бізде қалпына келтіруге арналған спорттық орталықтар жоқ. Бұл өте өкінішті жағдай. Атлет өз проблемасымен бір өзі қалады», – дейді ол.



Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмды. Ол 25 жаста болатын.

Алғашында оның өліміне не себеп болғаны туралы айтылмады. Кейін суицид жасағаны белгілі болды.

Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Спортшының жетістіктері

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды. Спортшының бапкері – Сергей Седов.


Дереккөзі: sputnik.kz


Новости партнеров