Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 5 адам құтқарылды
inform.kz
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болды. Екінші қабаттағы №35, №38, №39 пәтерлер жанды. Оқиға орнынан ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, оның 19-ы бала.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. «Тілсіз жау» сағат 05.10-да толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 35 қызметкер 12 техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30