Жол көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлік жүргізушісі мен 22 жолаушы зардап шеккен. Абырой болғанда, жолаушылар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, автобус жүргізушісі №1 қалалық емхананың нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. Мамандар оның жағдайы орташа дейді. Оқиға болған жерге 9 жедел жәрдем бригадасы келіп, көмек көрсетті. Апат ХОВА маркалы жүк көлігі жүргізушісінің жол ережесін сақтамауынан орын алған.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің өкілі Эльмира ШӘУЛЕНОВА.