ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары өмірден озды

gov.kz
gov.kz
Мұхаметқали Сатов ҚР ІІМ саласының үздігі, құрметті қызметкері еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», – делінеді Ұлттық ұлан таратқан хабарламада.

Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағандыда дүниеге келген.

1978 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін КСРО ІІМ Новосібір жоғары әскери командалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы бітірді. 2013 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білім алды, мемлекеттік басқару магистрі.

1982 жылдан 2002 жылға дейін взвод командирінен бастап әскери бөлім командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшылығының бас басқармасы Әскери кеңесінің хатшысы.

2005 жылдан бастап 2013 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитеті - Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бас басқармасының бастығы.

2013 жылғы 25 мамырдан 2014 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2014 жылғы 20 мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша).

ҚР ІІМ-нің құрметті қызметкері.

Новости партнеров