Жол полициясы құжат көрсетуден бас тартқан азаматты қарғаған

27.01.2021 17:00

Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

kazlenta.kz

Әлеуметік желіде жолай көлікті тоқтатқан жол полициясының видеосы жаппай таралып, қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Тараз қаласында болған. Онда полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматты қарғаған.

- Атыңыз кім?

- Нұрлыбек.

- Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!

Осындай диалогтағы видео әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Бұған байланысты Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова пікір білдірді.

«Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай-ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: paryz.kz