|
25.05.2020 | 13:11
2900

Қостанай облысында жүк пойызының 23 вагоны рельстен шығып кеткен

Қазіргі уақытта теміржол апаты зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысында жүк пойызының 23 вагоны рельстен шығып кеткен Сурет: 24tv.ua

Қостанай облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мамырда сағат 14.40-та жүк пойызы Қостанай облысының Құсмұрын-Тобол учаскесінің Қазанбасы-Апановка учаскесіне қарай келе жатқанда, жүргізуші локомотивтің манометріне сәйкес вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты шұғыл тежеуішті басты. Бос вагондары бар пойыз 68-70 км / сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан (бұл аумақтағы белгіленген жылдамдық сағатына 70 км). Локомотив бригадасы тексеру жүргізіп, 23 вагонның рельстен шыққанын, теміржол желісінің зақымданғанын анықтады. Қазіргі уақытта теміржол апаты зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир