Шымкент ауруханасында науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

Azattyq Ruhy
Azattyq Ruhy
Денсаулық сақтау басқармасы полицияға шағым түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тағы да дәрігерлер таяқ жеді. Бұл жолы шымкенттік тұрғын ауруханадағы медицина қызметкерлеріне қол көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv

Улы сұйықтық ішкен науқас жедел-жәрдеммен Гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Психикалық қозуы байқалған оны сол жердегі ақ халаттылар тексеру үшін жансақтау бөлімшесіне кіргізіпті. Алайда оған қарсы болған 28 жастағы ер адам бірден сол жердегі медбикелер мен тазалық қызметкерлеріне жұдырық ала жүгірген. Осыдан кейін науқасқа тыныштандыратын дәрі егіліп, полицияға хабар беріліпті. Соққы алған мамандардың денсаулығына айтарлықтай зиян келмеген. Олар қазір жұмысын жалғастыруда.

– Медицина қызметкерін аяқпен тепкен. Тыныштандыру барысында дәрігеріміздің бетіне, иығына қолы тиген. Науқас белгісіз улы зат ішкен. Миы уланғасын, науқас болғасын ештеңе дей алмаймыз, – деді Гипербариялық оксигинация орталығы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Реметов.



.

Новости партнеров