|
15.07.2019 | 12:01
2963

Павлодар облысында полицей суға кеткен 4 студентті құтқарып қалды

Родители спасенных сестёр выразили благодарность полицейскому

Павлодар облысында полицей суға кеткен 4 студентті құтқарып қалды pavlodarnews.kz

Орталық жағажайда суға батып кете жаздаған аудандық аграрлық-техникалық колледждің студенттеріне ішкі істер бөлімі полициясының аға лейтенанты Ғалымбек Жұмабаев дер кезінде көмек көрсете білді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы мәлім етті. 

«Ғалымбек Жұмабаев отбасымен бірге жағажайға демалуға барған, сол кезде І, ІІ курс студенттерінің жағада серуендеп жүргенін көзі шалып қалған. Келесі бір қараған сәтте олардың суға батып бара жатқанын көрген тәртіп сақшысы дереу көмекке асығады. Полиция қызметкері алдымен алысқа кетіп қалған қызды жағаға шығарып, соңынан үшеуіне көмек көрсетуге асыққан. Жастарға медициналық қызмет көрсеткен», – дейді Аманжол Еренұлы.

Студенттер есін жинағаннан кейін мұндай серуеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлеріне жіберген.

Айта кетейік, Ғалымбек Жұмабаев ішкі істер органында 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет етеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир