Мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды

03.11.2023 17:02

Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді

elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

YK-news жазуынша, ауыл әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп келе жатып, өзге көлікке соғылған.

«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп, аулада тұрған ВАЗ көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарланғандай, 31 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатысты тәртіптік істі қарады.

«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.