Мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды
elements.envato.com
Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
YK-news жазуынша, ауыл әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп келе жатып, өзге көлікке соғылған.
«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп, аулада тұрған ВАЗ көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарланғандай, 31 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатысты тәртіптік істі қарады.
«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18