Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінен өрт шықты

inform.kz
inform.kz
3 бала құтқарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шығып, 3 бала құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«14 қазан күні 101 пультіне Сарыарқа көшесіндегі 11-үйдің 7-қабаттындағы балконнан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 09.21-де Нұр-сұлтан қаласы ТЖ департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелерінің 20 құтқарушысы мен 6 техникасы шақыру орнына шықты. Олар 7-қабатта 10 шаршы метр алаңда үй заттары мен терезе жақтауы өртенгенін және 8-қабаттың балконы зардап шеккенін анықтады. Үй тұрғындары өздері эвакуацияланған», –  деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрт сағат 09.32-де оқшауланды және сағат 09.48-де толық сөндірілді. 

«Елордалық өрт сөндірушілердің бірі 4 адамды құтқарды, оның арасында 3 бала бар. Қаза болғандар жоқ, қазіргі уақытта құтқарылған тұрғындар жеңіл дәрежедегі улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға және №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», – дейді қалалық ТЖД.

Новости партнеров