Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
09 сәуір күні сағат 03.00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауса, таулы аймақта қар түскен. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 4 см қар түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде тайғаққа қарсы 15 тонна мөлшерінде материалдар себілді.
Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.