Алматыда таксистердің телефонын ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда алаяқтық жасаған 29 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық Полиция депарматентіне сілтеме жасап.
Ол ұялы телефон ұрлығымен айналысқан
«Тергеу кезінде күдіктінің таксистерге қатысты 11 қылмысы ашылды. Ол такси тоқтатып, баратын жерін айтады. Жол бойы таксистпен әңгіме құрып, жеткен соң ақша төлейтін сәтте үйіндегілерге «ақша алып шық» деп айтамын деген желеумен таксистердің телефонын алып қашып кетіп отырған. Күдікті жасаған қылмыстарын мойындап отыр», – деп хабарлады Түріксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Айта кетейік, полиция күдіктіден зардап шеккендер болса 298-54-00; 298-54-01 немесе 298-54-02 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25