Алматы-Қорғас жолында жол апатынан жүргізушінің анасы көз жұмды
Негізгі соққы артқы есікке келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы - Қорғас автожолының 54 шақырымында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы бағытында келе жатқан Mazda Familia жүргізушісі көлікке ие бола алмай қоршауға соғылды.
«Негізгі соққы артқы есікке келген. Өкінішке қарай жүргізушінің анасы ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушіні Есік аудандық ауруханасына жеткізді. Оның айтуы бойынша, ол сол жақ жолақшамен қозғалған. Соңынан ілескен автокөлік жол сұрағандықтан, ол оңға қарай жылжуға тырысқан. Осы сәтте қайғылы оқиға орын алған. Оның себептерінің бірі - автокөлік дөңгелектерінің ауыстырылмағаны болуы мүмкін», - деген мәлімет берді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32