Алматыда лифт түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамалды

polisia.kz
polisia.kz
Бұған дейін құқық бұзушы қатты өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеделсаты түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Алатау ауданының полиция қызметкерлері «Алатау сити» тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде жеделсаты түймелеріне түкірген адамды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

«Оның заңсыз әрекеттерін бейнебақылау камералары жазып алған. Әкімшілік материалдар дереу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жиналды: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6 бөлігі – төтенше жағдай режимін бұзу. Ал бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылы туылған А. мырза осы құқықбұзушылықтар үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын ПД-нің қабылдап-тарату орнына орналастырылды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Бұған дейін құқықбұзушы қатты өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған еді.

«Ашулы күйімде лифт түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын», – деді А. мырза.

Новости партнеров