Өскеменде маска киіп, қолына пышақ ұстаған 24 жастағы жігіт дүкен тонамақ болды
inform.kz
Бұл оқиға бойынша аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысының орталығында 24 жастағы жігіт дүкен тонаймын деп қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 28 маусым түнгі сағат 23:45 шамасында Гагарин бульварының бойындағы дүкендердің бірінде болған.
Дүкенге бетіне маска киіп, қолына пышақ ұстаған ер адам кіріп сатушыны қорқытып, кассадағы ақшаны алып, қашпақшы болған. Сатушы тез арада «102» арнасына хабарлап үлгереді. Шақыртуға тез арада жеткен полиция қызметкерлері сатушының сипаттамасы бойынша сол маңнан көп ұзай қоймаған 24 жастағы жігітті қолға түсірді.
Бұл оқиға бойынша аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
09.10.2026 11:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
09.10.2026 09:15
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17