Алматыда ерлі-зайыптылар героин мен синтетикалық есірткі сатып келген

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Полицейлер есірткі сақтағандарды иісшіл Ракета итінің көмегімен қолға түсірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда героин сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар қолға түсті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Олардың пәтерін тінту кезінде төсек астына жасырылған күдікті қап табылған. Онда салмағы 111 грамнан асатын героин сақталыпты. Бұл есірткінің көлемі аса ірі және қауіпті деп саналады. Сондықтан сақшылар ұнтақты бірден тәркілеп, заңсыз саудаға жол ашқан ерлі-зайыптыны қамауға алды.

Күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екен және олардың мұндай қылмысқа бұрын да барғаны белгілі болды. Қазір героинмен әуестенген ерлі-зайыптының үстінен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Кінәлары толық дәлелденсе олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айта кетсек, полицейлер есірткі сақтағандарды иісшіл Ракета итінің көмегімен қолға түсірген. Бұл ит қаладағы Кинологиялық қызмет орталығында екі жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында жалғыз өзі 50-ден астам қылмыстың бетін ашып, 8 келіден астам есірткі заттарын тапқан.

«Күдікті екі азамат өздері де есірткі заттарын көптен бері пайдаланады екен. Көрінген адамдармен жұмыс істемеген, тек тексерілген азаматтарға ғана осы есірткіні саудалаған. Тауарлардың арасында тағы синтетикалық есірткілер де бар. Олардың зардабы өте ауыр. Қазіргі таңда із кесушілер бұл есірткі затының Алматы қаласына қандай жолмен әкелінетінін анықтау үстінде және сатып алушылардың тізімін қазір біз жіті тексеретін боламыз», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Новости партнеров