Ыстықкөлде қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ыстықкөл жағасындағы Чок-Тал ауылында қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ыстықкөл облыстық Ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, 11 тамыз күні кешкісін жүргізуші жолдағы көліктердің бірінен оза бергенде, автобусты тізгіндей алмай қалған. Автобус «Lexus» жеңіл көлігімен соқтығысып, жолдың шетіне шығып кеткен.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, барлығы дін аман. Ешкім дәрігерге де жүгінбеген. Жолаушылардың барлығын басқа автобусқа мінгізіп жіберген.
Автобусты Қырғыз Республикасының азаматы жүргізген. Жолаушылардың барлығы – Ыстықкөлде демалып қайтқан қазақстандықтар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48